Мектептерде буллингке қарсы бірыңғай бағдарлама енгізіледі

13 сентября 2023 г. 16:05 / Новости Казахстана

Елімізде білім беру ұйымдарындағы буллингке қарсы бірыңғай бағдарлама әзірленіп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан орталық коммуникациялар қызметіндегі алқа жиында осылай деді.

Бізге білім беру ұйымдары мен оның сыртындағы буллинг пен қудалау фактілері туралы шағымдар түсіп жатады. Оның ішінде әлеуметтік желі арқылы да деректер тіркелуде. Осыған байланысты бүкіл елге арналған бірыңғай буллингке қарсы бағдарлама әзірлеуді бастадық. Ол бағдарлама елдегі бүкіл білім беру ұйымдарында қолданылатын болады.

Бағдарлама аясында балалармен буллингтің не екені, оның зардабы туралы, жаман үрдіс екені туралы әңгіме жүргізіледі. Балалар мен мұғалімдер бір-бірін түсінуді, проблеманы бірге әрі бейбіт жолмен шешуді үйренеді.

 

Автор
Новости партнеров