Депутат Бақытжан Базарбек бюджетті таныстыруда төтесінен сұрақ қойып, қызу пікірталас тудырды
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек 2024-2026 жылғы республикалық бюджетті таныстыруда қызу пікірталас тудырып, сауалын төтесінен қойды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бақытжан Базарбек әлеуметтік желідегі парақшасына "статистиканы бұрмалау ма, әлде министрлердің берген ақпараты жалған ба?" деген сұрақпен видео салды.
Статистиканы бұрмалау ма, әлде министрлердің берген ақпараты жалған ба? 2024-2026 жылғы республикалық бюджетті таныстыру барысындағы қызу пікірталастан бір көрініс, - деп жазылған видеосының түсініктемесінде.
Бүгін, 2024-2026 жылға республикалық бюджетпен танысу барысында "Жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік инфрақұрылымды әзірлеуге 2022 жылы бөлінген 26 миллиард тенге қайда?" деген сұрақты, министерліктердін статистикалық мәліметтерінің кемшіліктерін айтуға тура келді.