Маңғыстау тұрғынының үйінен 50 келіге жуық бекіре балығы табылды

5 апреля 2023 г. 16:31 / Новости Казахстана

Маңғыстау облысыгда "Бекіре-2023" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Форт-Шевченко қаласының жергілікті тұрғынының үйінен жалпы салмағы 49 келіден асатын 5 дана бекіре балығы табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Arbat.media.   

Қазіргі уақытта ұсталған 60 жастағы ер адамға ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, оған сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз қарым-қатынас жасағаны үшін айып тағылып отыр. 

Аталған іске қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейтіні айтылды. 

Наурыз айының соңында Атырау облысында Құрманғазы ауданының тұрғынының көлігінен 417 келі бекіре табылды. Сонымен бірге, полицейлер Маңғыстау облысында бекіре тұқымдас балықтың ірі көлемін әкетіп бара жатқан көлік жүргізушісін ұстаған болатын. Тексеру кезінде оның көлігінен 120 келіден астам бекіре балығы табылғаны мәлім болды. 

Автор
Новости партнеров