Маңғыстау облысындағы әрбір оныншы әйел жұмыссыздар қатарында

5 июня 2023 г. 21:15 / Новости Казахстана
2023 жылдың алғашқы тоқсанындағы көрсеткіш бойынша Қазақстандағы жұмыссыз деңгейі 4,8 пайызды құраған, деп хабарлайды Arbat.media.

Finprom.kz дерегі бойынша, көрсеткіш алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда айтарлықтай өзгермеді. Аймақтар бойынша жұмыссыздық деңгейінің ең жоғары көрсеткіші Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында анық байқалып отыр.
Қалалық жерлерде жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Жетісу облысында (5,3%), сондай-ақ Абай және Жамбыл облыстарында (5,1%) байқалды. Ауылдық жерлерде жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Маңғыстау, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді” - делінген хабарламада.
Бұл өңірлерде гендерлік тұрғыдан әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі ерлерге қарағанда жоғары екені сезіледі. 
Ауылдық жерлердегі әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында байқалды, 9,9% құрайды. Ал қалалық жерлерде әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан облысында (6,9%) байқалды” - деп жазылған жұмыссыздап туралы деректер ақпаратында.
 
 
Автор
Новости партнеров