Маңғыстау облысында жоғалған Алматы тұрғыны аман табылды

1 июня 2023 г. 19:51 / Новости Казахстана

Маңғыстауда жоғалып кеткен алматылық азамат аман табылды, деп хабарлайды Arbat.media.

27 мамыр күні Маңғыстау облысының аумағында Алматы қаласының тұрғыны Мажтай Жаханшах Онгарұлы 17 шағын аудан, 79 үйден сағат 10:00 шамасында белгісіз бағытқа шығып кеткеннен кейін хабарсыз кеткен еді. Жоғалған азамат 1 маусым күні сағат 10:45-те Ақтау қаласы мен Маңғыстау ауданының аралығында сайдан табылды. Қазіргі уақытта жоғалған азаматтың жағдайы жақсы, медицина қызметкерлеріне жүгінген жоқ.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінен 25 жеке құрам, 3 бірлік техника, 2 кинологиялық есеп тобы, Полиция департаментінен және жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің құрамында 15 адамнан тұратын іздеу тобының күштері мен құралдары және 6 бірлік техника және Маңғыстау облысының волонтерлерінен 70 адам, 5 техника жұмылдырылды, - деді МО ТЖД баспасөз қызметіндегілер. 

Бұған дейін Arbat.media Маңғыстауда жоғалып кеткен азамат туралы жазған еді. Ол мамыр айында өңірге зиярат ету үшін келген.

 


 
 

Автор
Новости партнеров