Маңғыстау облысында мектеп оқушысы екі әпкесін пышақтап тастады

14 апреля 2023 г. 22:46 / Новости Казахстана

Маңғыстау облысында 11 жастағы мектеп оқушысы түн ішінде ұйқысырап екі әпкесін пышақтап тастады, деп хабарлайды Arbat.media.

Қайғылы оқиға 14 сәуір күні таңғы сағат 04:30 шамасында болған. Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында полицияның кезекші бөліміне шақырту келіп түскен соң  оқиға орнына жедел тергеу тобы бірден барды. Тексеру барысынада 11 жастағы кәмелетке толмаған баланың 19 және 12 жас шамаларындағы әпкелеріне пышақпен ұйқысырау жағдайында жарақат салғанын анықталған. 

Зардап шеккендер бірден ауруханаға жеткізілді. Біреуі медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберілді. Ал  екінші жарақат алған адам әлі ауруханада. Бұл дерек бойыша қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, - деп жазылған полиция департаменті таратқан мәліметте. 

 

 

 

Как выяснилось, 11-летняя несовершеннолетняя предварительно в состоянии сна (лунатизм) столовым ножом нанесла ножевые ранения родным сестрам, в возрасте 19 и 12 лет.

Пострадавших доставили в больницу. Одна из них была отпущена домой после оказания медицинской помощи, другая все еще находится в больнице.

Данный факт зарегистрирован по статье 106 ч.2 УК РК. 
Ведётся расследование. 

Иная информация в интересах следствия не разглашается.

Автор
Новости партнеров