"МАЭК" жұмысшылары бейнеүндеу арқылы айтқан деректерді жоққа шығарды

25 апреля 2023 г. 14:38 / Новости Казахстана

Маңғыстау облысындағы "МАЭК" қызметкерлері бейнеүндеудегі ақпараттың жалған екендігін  мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

24 сәуір күні «Yntymaq» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Асқар Қойшыбай кезекті үндеу жолдаған болатын. Алайда бейнежазбада кәсіподақ комитетінің жетекшісі мердігер ұйымдармен келісім-шартқа қатысты қате ақпарат таратқанын мойындап отыр.

«Yntymaq» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Асқар Қойшыбайдың айтуынша, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара  қарым-қатынас  жақсы бағытта орнаған. 

-Біз бұл бейнеүндеуді өз еркімізбен жазғанымызды мәлімдегім келеді. Алдын-ала  кәсіподақ ұйымымен немесе қандай да бір тараппен келісілген жоқ. Салалық кәсіподақ басшылығымен бірнеше кездесулер орын алды. Осыдан кейін біз бейнеүндеуге қатысты шешіміміздің қате болғандығына көз жеткіздік. Сондай-ақ, «МАЭК» қызметкерлері комбинатты басқару құзіретін Мұхтар Әблязовқа беру туралы бастамаға түбегейлі қарсы екендіктерін мәлімдейміз. 18 сәуірде тараған үндеуде менің тарапымнан дәйексіз ақпаратқа жол берілді. 16 сәуірде «ЖЭО-2» - де орын алған технологиялық ақаулар мердігер ұйымдардың сапасыз жұмысының нәтижесі емес. Себебі құбыр желілерін жөндеу жұмыстарымен мердігер ұйымдар айналыспайды, - деді Асқар Қойшыбай.

Сәуір айының ортасында компания қызметкерлері мемлекет басшысы мен облыс әкімінің атына бейнеүндеу жолдап, еңбекақы мәселесін айтқан болатын. Кейін аталған жағдайға қатысты компания басшылығы жауап берді. 

Автор
Новости партнеров