Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жартылай финалында әлемнің 1-ракеткасымен ойнайды

17 марта 2023 г. 14:58 / Новости Казахстана

Әлемнің 10-ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Arbat.media.

Отандасымыз аталған турнирдің жартылай финалында әлемнің 1-ракеткасы, польшалық Ига Швентекке қарсы кездесу өткізеді. Бұған дейінгі сында Елана Рыбакина чехиялық Каролина Мухованы 2:1 есебін ұтқан болатын. 

Бірінші сетті сәтсіз бастаған отандасымыз екінші және үшін сетте басымдық таныта алды. 

Әлемнің бірініші ракетксы Ига Швентекпен өтетін матч 18 наурыз күні Астана уақытымен сағат 7.00-де басталады. Бұл ойыншымен екеуара кездесуде Елена Рыбакина 2:1 есебімен алда келеді. Биылғы Аустралия ашық чемпионатында отандасымыз аталған ойыншыны іріктеу кезеңдерінде 2:0 есебімен ұтқан еді. 

Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларын құрайды. Финалдық ойын  19 наурыз күні өтеді.  

 

Автор
Новости партнеров