Көлсай паркінде сирек кездесетін қар барысы фототұзаққа түсті
"Көлсай көлдері" ұлттық табиғи паркінде ерекше қорғауға алынған қар барыстары фототұзаққа түсті, деп хабарлайды Arbat.media.
Ұлттық парктің хабарлауынша, елімізде шамамен Қызыл кітапқа енген 140-180 қар барысы ғана қалған.
Сирек кездесетін жануар 1978 жылы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді. Ерекше ерекше қорғауға алынған түз тағысын заңсыз аулаған жағдайда, мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - деп жазылған ұлттық парк таратқан хабарламада.
Бұдан екі жыл бұрын "Көлсай көлдері" ұлттық табиғи паркі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосылған еді. Аталған шешім ЮНЕСКО бағдарламасының "Адам және биосфера" халықаралық үйлестіру кеңесінің кезекті басқосуынша қабылданған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram