Колледж студенттерінің стипендиясы 50% көбейді

4 сентября 2023 г. 12:00 / Новости Казахстана

Елімізде колледж студенттерінің стипендиясы 50% көбейді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Биыл оқу жылында 190 мың жас колледж студенті атанып, оның 133 мыңы мемлекеттік білім беру тапсырысымен оқиды.

Кәсіпорындардың өтінімі бойынша 10 мың студент білім алады.
Президент тапсырмасымен  бойынша биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға ұлғайтылды. Техникалық және кәсіптік колледж студенттерінің 75 мыңы квотамен  қабылданды.

Колледж студенттерін ынталандыру мақсатында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап стипендияны кезең-кезеңімен арттыру қарастырылған: 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 50%-ға өседі, 2024 жылы 100%-ға дейін жеткізіледі.
Мемлекеттік тапсырыспен  оқитын студенттер әлеуметтік қолдаумен, оның ішінде стипендиямен, тамақтанумен және жолақымен қамтылған, деп жариялады хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.

 

Новости партнеров