Көктемгі шақырылымда Қазақстан әскері 18 мыңнан астам азаматпен толығады

1 марта 2023 г. 22:44 / Новости Казахстана

Қазақстанда 1 наурыздан бастап мерзімді қызметке әскерге шақыру науқаны басталады, деп хабарлайды Arbat.media

Елімізідң Қарулы күштер Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Бауыржан Артықов Қазақстан бойынша қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары жұмысын бастайтынын мәлімдеді. 

«Бүгінен бастап жергілікті атқарушы органдардың 195-ші әскерге шақыру пункттерінде қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары жұмысын бастайды. Оған әкімдердің орынбасарлары басшылық етеді. 2023 жылы 12 шілдеге дейін Қарулы күштердің басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негізі жоқ 18-бен 27 жас аралығындағы 18 мыңнан астам ер-азамат толықтырады. Соның ішінде Қарулы күштерді 7 мыңнан астам, Ұлттық ұланды 6 мыңнан астам, ҰҚК Шекара қызметін 3 мыңнан астам, Төтенше жағдайлар министрлігін 3 мыңнан астам, Мемлекеттік күзет қызметін 80-нен астам адам толықтырады», - деді Бауыржан Артықов брифинг кезінде.

Қарулы күштер Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің жетекшісі әскер жасындағы ер-азаматтарды хабардар ету дербес шақыру қағазын жолдау арқылы жүзеге асатынын атап өтті.

Әскерге шақырту қағазы болашақ сарбаздардың мекенжайына немесе жұмыс орындарына жолданады. Аталған жұмысты автоматтандыру мақсатында 2021 жылдан бастап оларға СМС-хабарлама жолдау арқылы хабардар ету жүргізіліп отыр. 

Автор
Новости партнеров