Каспий теңізінің түсінің өзгеруіне қатысты экологтар пікір білдірді

1 июня 2023 г. 22:35 / Новости Казахстана

Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары Ақтауда теңіз жағалауындағы судың түсіне қатысты мәселенің мәнісін айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Қаладағы 4 а шағын ауданындағы теңіз суы қара түскен өзгергенін тұрғындар бірнеше күннен бері айтуда. Осы орайда департамент мамандары аумақтағы теңіз жағалауының қара түске енуіне байланысты тексеру жұмыстарын жүргізгені атады. 

«Аталған дерек бойынша департамент мамандары теңіз жағалауына шолу жұмыстарын жүргізді. Шолу барысында аталған аумақта табиғи құбылыстар нәтижесінде жылдар бойы жиналған, өлі балдырлардың шіруі мен теңіз түбі лайының (иловые осадки) жоғары көтерілуі салдарынан    теңіз түсі өзгеріске ұшырағаны анықталды», - деді департамент мамандары. 

Қазір 4 а шағын ауданындағы теңіз жағалауының жағымсыз иісі және теңіз түсінің қала көркіне кері әсерін тигізетінін ескере отырып, департамент ірі техниканың көмегімен тазалау жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Осы ретте департамент тарапы облыс әкімшілігіне тазалық жұмыстарын ұйымдастыруды сұрап, хат жолдағанын мәлімдеді. 

Автор
Новости партнеров