Каспий теңізі неге тартылып жатыр?

24 марта 2023 г. 18:55 / Новости Казахстана

Каспий теңізінің деңгейі жыл сайын төмендеп келеді. Экологтар мұның себебін теңізге құятын өзендер суының басқа арнаға бұзылуымен байланыстырса, енді бірі экологиялық жағдайдан деп санайды. Arbat.media Каспий теңізінің қазіргі ахуалы туралы зерттеп көрді.

Ақтау тұрғындары жыл сайын Каспий теңізі деңгейінің төмендеп бара жатқанына куә. Теңіз суының тартылуын экологтар табиғи жағдаймен байланысты болса, аса қауіпті емес екенін айтады. Ал оған құятын өзен суларының бөгелуі салдарынан орын алған болса, онда оның қаупі болашақта одан сайын жоғары болуы мүмкін дейді.

Негізінен ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап Каспий деңгейінің төмендеуі анық байқала бастаған екен.

Экологтар теңіз суының төмендеуін табиғи құбылыспен де байланыстырады. Мәселен, 1977 жылы теңіз деңгейі 3 метрге дейін төмендеп, араға жылдар салып деңгейі қайта көтерілген. Сол уақыттары жағалаудағы көптеген алаңдар су астында қалған. Судың қайта толуы кезеңі 1995 жылы басталыпты. Сол жылы су үш метрге көтеріліп, жыл сайын 14 см дейін жоғарылап отырған. Алайда соңғы жиырма жылдан бері теңіз деңгейінің төмендеуі байқалып, соңғы бес жылда бір метрден астам суы тартылды.

Негізінен Каспийде желдің әсерінен теңіздің суы ауысып тұратын аумағы бар. Мәселен, Каспийдің солтүстік бөлігінде "Жанбай" теңіз гидропосты ауданында осындай маусымдық көрініс анық байқалады. Бұл туралы бұған дейін бірнеше рет бейнежазбалар жарияланды. Әсіресе көктем, күзде солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыстан соғатын жел себеп болады.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Азамат Сарсенбаев (@azamat_sarsenbayev)

Еліміздің Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2006-2020 жылдар аралығында Каспий теңізінің акваториясына жауын-шашынның аз мөлшері түсіп, ал булану процесі керісінше қарқынды болғанын айтады. Сондай-ақ Еділ өзенінің арнасында су аз болғандықтан теңізге келетін су мөлшері едәуір азайған. Бұдан бөлек, климаттың күрт жылынуы да теңіздің тартылуына өз ықпалын тигізсе керек. Сонымен қатар, ғаламдық жылыну да әсер ете бастаған көрінеді.

Ақтаулық эколог Кирилл Осин Каспий теңізіне ірілі-ұсақты жүз қырықтан астам өзен құятынын айтады. Алайда оның ішіндегі ең ірі өзен суларының теңізге жетпей бөгеліп, басқа мақсатта пайдаланылуы өзінің кесірін тигізіп келеді. Ол бұл мәселе бойынша Қазақстан мен Ресейдің экологтары жағдайды бірнеше рет талқылағанын тілге тиек етті. Ресейлік экологтар соңғы 50 жылда Жайық маңында тұратын халық саны 6 есеге өскендіктен өзен суын тұтыну көлемінің өскенін айтып отыр. Соның салдарынан қазіргі таңда Каспийге құятын өзен суының мөлшері азая түскен екен.

Бұл адамдардың барлығы өзен суын пайдаланады. Бұрынғыдай, кеңестік кезеңде суды тұтынуды жоспарлау мүмкін емес, сондықтан Қазақстан да, Ресей де су ресурстарын пайдалануды бірлесіп үнемдеуге тиіс. Сонымен бірге, жаһандық климаттың өзгеруі де әсер етті. Ыстық көбейіп, жауын-шашын мөлшері азайды. Тиісінше, булану деңгейі, ол жауын-шашынмен өтелмейді. Екіншісі, бүгін өзендермен не болып жатыр. Айта кету керек, Каспий теңізіне 140-тан астам өзен құяды, бірақ оны толтыратын 2 негізгі артерия-Еділ мен Жайық, олар бүгінде бұрынғыдан да нашарлайды. Жайық өзенінің жағдайына қараңыз, ол іс жүзінде құрғақ, - дейді эколог.

Өткен жылдың қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына сапары кезінде Каспий теңізінің проблемалары туралы айтқан еді. Сол жолы президент Каспий маңы мемлекеттерімен бірлесіп 2023 жылдың соңына дейін мемлекеттік ғылыми институт құруды тапсырған болатын.

Былтырғы жылдың соңында теңіздің тартылуы Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнындағы теңіз маңындағы су қоймасында анық сезілді. Бұрын кен орнына дейін келіп тұрған теңіз суы бірнеше шақырымға дейін тартылып қалған.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Азамат Сарсенбаев (@azamat_sarsenbayev)

 

Осы проблемаларды шешу үшін трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі комиссия жұмыс істейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы барлық трансшекаралық өзен бойынша, оның ішінде Жайық (Орал) өзені бассейні бойынша жұмыс топтары құрылған.

"Сондай-ақ Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарлары шеңберінде Жайық-Каспий бассейніндегі су шаруашылығы жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Осы кезеңде өткізілген іс-шараларға 98 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Айта кетейік, Ресей тарапы да осындай шаралар қабылдап жатыр", - деді министрлік өкілдері.

АҚШ ғалымдарының зерттеуінде 1996-2015 жылдары Каспийдің деңгейі бір жарым метрге төмендеген көрінеді. Зерттеушілер бұл құбылысты әлемдік жылыну үдерісімен байланыстырған. Ғалымдар 1979-2015 жылдары Каспий теңізінің деңгейінің қалай өзгергенін талдай келе, 1979-1995 жылдар аралығында теңіз деңгейі жыл сайын 12,74 сантиметрге көтерілгені туралы мысал келтіреді. Бірақ, 1996-2015 жылдары теңіз деңгейі қайтадан жыл сайын 6,7 сантиметрге төмендегені анық байқалыпты. 19 жыл ішінде теңіз деңгейі 1,3 метрден де төмендеген. 

1996-2015 жылдар аралығында ауа температурасы Каспийде 1 °C-ға жоғарылаған. Зерттеушілер жаһандық жылыну үдерісі жалғаса беретіндіктен Каспий теңізінің тартылуы да қалыпты құбылысқа балап отыр.

Бүгінде Каспий теңізінің орташа тереңдігі 208 метр шамасында. Соңғы жылдары Еуропада жауын-шашынның көбеюінен кейін болжам бойынша Каспий теңізіне келетін өзен ағыны айтарлықтай өсіп, теңіз қайтадан толады. Жергілікті экологтардың да пікірі осыған саяды. 

 

 

Автор
Новости партнеров