Индонезияда жанармай станциясын 17 адам өрттен қайтыс болды

4 марта 2023 г. 17:53 / Новости Казахстана

Джакартадағы Pertamina мемлекеттік энергетика компаниясына тиесілі жанармай станциясында болған өрттен 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақпарат төтенше жағдайдан қазақ тапқандардың арасында екі бала болғанын мәлімдеді. Бұдан бөлек тағы 50 адам жарақат алған, оның ішінде де бір бала бар.

Жергілікті уақытпен кешкі 20.00-ден кейін басталған өрттен бірнеше үй өртеніп кеткен. Pertamina компаниясы өкілі жұма күні кешке өрт жергілікті уақытпен 22.30-да сөндірілгенін хабарлады. Зардап шеккендердің көбін күйік шалған. Индонезия үкіметі барлық емдеу шығынын мойнына алады, деп мәлімдеді Джакарта губернаторының міндетін атқарушы Херу Буди Хартоно.

Джакартаның Табиғат апаттарының салдарын жою агенттігі жергілікті тұрғындар жақын маңдағы мешіттерге эвакуцияланғанын хабарлады. Сонымен қатар өрт болған отын сақтау станциясының 300 мың килолитрден аса қуаты бар екені айтылуда.

Автор
Новости партнеров