ІІМ БАҚ өкілдеріне шабуыл жасағандарға қатысты отыздан астам қылмыстық іс қозғалып жатқанын мәлімдеді

7 марта 2023 г. 18:38 / Новости Казахстана

БАҚ өкілдеріне шабуыл жасау ісі бойынша 30-дан астам қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды Arbat.media.

Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің берген жауабында министр БАҚ өкілдеріне шабуыл жасау бойынша отыздан астам істің тергеліп жатқанын жеткізді. 

Журналистерге жасалған шабуыл фактілері бойынша 30-дан астам қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар 22 адам ұсталды. Қазір оның жетеуі қамауда, қалғандарына жасын ескере отырып, қоғамнан оқшаулануға қатысты емес бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Аталған іске қатысты ақпарат беріледі. Сонымен қатар шабуыл жасау фактілері бойынша процедуралық тұлғалар да бар», - деді Марат Ахметжанов. 

Министрлі өз сөзінде шағым түсірген журналистер істің тергеу барысына толық түрде қатыса алатындығын да атады.

Әріптестеріңіз бұл процеске қызығушылық танытуда, олар іс процесіне қатысу мәртебесіне ие. Сұрақтарын қойып, белсенді қатыса алады. Сол сияқты белгілі бір тергеу әрекеттерін жүргізу туралы өтініш жасай алады. Сондықтан тергеу әрекеттерінің басталуы ғана жүріп жатыр, басқа фактілер мен мән-жайлар пайда болған кезде, біз қолданыстағы іс жүргізу заңнамасы шеңберінде міндетті түрде хабардар етеміз, - деді министр.

Бұған дейін ІІМ БАҚ өкілдеріне шабуыл жасалған бірнеше оқиға туралы туралы мәлімдеген болатын

Автор
Новости партнеров