Гүлмира Сатыбалды тағы 8 жылға сотталды

30 июня 2023 г. 17:07 / Новости Казахстана

Қызылорда қалалық соты Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Arbat.media

Айыпталушыға біреудің мүлкін иеленіп, талан-таражға салды деген кінә тағылған. Бұдан бөлек ол сот үкімімен 10 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқара алмайды.

Қызылорда қаласының №2 сотында бір топ болып алдын ала сөз байласып, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті талан-таражға салып, аса ірі мөлшерде жымқырған 7 сотталушының да ісі қаралды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі сотталушы Гүлмира Сатыбалды 2018-2020 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауын жылумен жабдықтау жобасы бойынша жұмыс атқармай, алдын ала сөз байласып, сеніп тапсырылған қаржыны аса ірі мөлшерде жымқырған.

Ал сотталушылар Б, Ж, Е, Қ. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар бола тұра, бір топ болып алдын ала сөз байласып, қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып, аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған қаржыны талан-таражға салу арқылы жымқырғаны анықталған. Сондай-ақ, сотталушылар Д. мен Б. атқарылмаған жұмысқа өткізу актісін жасап, оған қол қойғаны да белгілі болды. 

Соның салдарынан сотталушылардың қылмыстық іс-әрекетінен мемлекетке 441 млн теңге зиян келгені белгілі болды.

Сот үкімі бойынша Гүлмира Сатыбалды 8 жылға бас бостандығынан айырылса, онымен бірге айыпталған Б, Ж, Е. және Қ-ға мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 7 жылға сотталды.

Ал олар мемлекетке келген 441 млн теңге шығын толық өндіріліп, сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ. 

Бұған дейін Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйеліне сот мамыр айында 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын. 

 

Автор
Новости партнеров