Google басшысы жасанды интеллекттің қауіптілігі туралы ескертті

18 апреля 2023 г. 22:26 / Новости Казахстана

Google бас директоры Сундар Пичаи жасанды интеллекті дұрыс қолданбаған жағдайда ол өте қауіпті екенін айтты. Тіпті жалған ақпарат болса да сендіріп бере алатындай мүмкіндікке ие екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы The Guardian жазды.

Сол себепті де Сундар Пичаи қауіпсіздік мақсатында ядролық шартқа ұқсас жасанды интелект бойынша жаһандық нормативтік-құқықтық база құруға шақырды. Осы технологияның жетістіктері үшін бәсекелестікте қауіпсіздік мәселелері екінші орынға сырғып кетуі мүмкін екенін ескертті.

Егер жасанды интеллект дұрыс қолданылмаса, өте қауіпті болуы мүмкін және бізде әлі барлық сұрақтарға дұрыс жауаптар жоқ. Ал технология тез дамып келеді. Сондықтан бұл маған түнде ұйықтауға мүмкіндік берер емес. Жасанды интелект көмегімен кез-келген адамның бейнесін оңай жасауға болады. Бұл сенімді көрінуі мүмкін. Ал содан кейін қоғам деңгейінде бұл үлкен зиян келтірмесіне кім кепіл, - дейді Сундар Пичай.

Автор
Новости партнеров