Ғани Бейсембаев Тоқаев білім беру мәселесі туралы айтты

23 июня 2023 г. 19:59 / Новости Казахстана

Президент Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады, деп хабарлайды Arbat.media

Қабылдау барысында мемлекет басшысына мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет айтылған. 

Министр өз баяндамасында алда мұғалімдер еңбекақысының 30 пайызға өсетінін атады.

Қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі педагогтардың еңбекақысы 30 пайызға өседі. Жыл соңына дейін балабақшаларда 81 мың орын ашу жоспарланып отыр. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 98 мың бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, педагогтарды аттестаттау рәсімі жетілдіріліп жатыр. Енді олардың кәсіби біліктілігі пәнді қаншалықты жақсы білетініне қарай, ал жұмысының нәтижесі білім алушылардың оқу жетістіктері негізінде бағаланады, - деді Ғ.Бисембаев.

Сондай-ақ, 1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары толықтай тегін тамақпен қамтамасыз етілмек. Білім беру ұйымдарын дабыл түймелерімен, лицензиясы бар күзетпен, турникеттермен және жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жоспарланған.

Биыл техникалық және кәсіптік білім алушы студенттердің 80 пайызы тегін оқиды. Қыркүйек айынан бастап олардың шәкіртақысы 50 пайызға, ал келесі жылы 100 пайызға артады. Кәсіпорындар колледж түлектерін міндетті түрде жұмысқа орналастыру шартымен мамандарды мақсатты даярлау ісіне алғаш рет атсалысып отыр, - деді министр.

 

Автор
Новости партнеров