Футбол жұлдызы Пеле ауруханада туыстарымен қоштасты

27 декабря 2022 г. 18:29 / Новости Казахстана

Әлем футболының короліне айналған бразиялық Пеле туыстарымен қоштасып жатыр,  деп хабарлайды arbat.media.

Бұл туралы британиялық кәсіпкер, спорт менеджері Фрэнк Халид Twitter-де жазба жариялады. 

Футболдан үш дүркін әлем чемпионы Пеле ауруханада отбасымен және достарымен қоштасып жатыр. Футбол аңызы біраз уақыт бұрын қатерлі ісіктен шалдығып, жағдайын күннен күнге нашарлап барады.  

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде Пелемен қоштасуға дайындық туралы бейне тарай бастаған. Бейнежазбада бразилиялық спортшы бейнеленген үлкен алтын қорап байқалады. Бұған дейін la Notícia басылымының жазуынша Бразилияның Сантос қаласындағы Вила Белмиро стадионында табытқа ұқсас нәрсені ел көтеріп шығады.

Стадионда үлкен ақ шатыр орнатылды және оның ортасында табыт тірегіне өте ұқсас құрылым бар. Пеленің фотосуреттері мен мүсіндері де келіп, шатырдың ішіне апарылады, - деп жазды аталған басылым. 

Желтоқса айы басталғанда 82 жасқа аяқ басқан Пелені емдеу үшін химиотерапия көмектеспейтіні айтылды. Осыдан кейін оны палмативті көмек көрсету бөліміне ауыстырған.  

Даңқты Пеле 1958, 1962 және 1970 жылдары футболдан әлем чемпионы атанған футболшы. Әлемдік футбол қауымдастығы Пелені "жүзжылдықтағы ең үздік ойыншы" деп танып, мәлімдеген еді.

 

Автор
Новости партнеров