EuroSkills: Қазақстан жоғары нәтижесімен көзге түсті

11 сентября 2023 г. 22:20 / Новости Казахстана

Қазақстан EuroSkills Gdańsk 2023 Еуропа чемпионаты байқауында 2 медаль, 4 медальон жеңіп алып, ең жоғарғы нәтиже көрсетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

EuroSkills — екі жыл сайын ұйымдастырылатын Еуропадағы кәсіптік білім беру және біліктілікті арттыру саласындағы ең ауқымды шара.

EuroSkills байқауы 5-9 қыркүйекте Польшаның Гданьск қаласында өткізілді.

Чемпионатқа инвесторлар, жұмыс берушілер көз тігіп отыр. Байқауға әлемнің 32 елінен 600 жас қатысты. Қазақстан командасындағы 28 адам 25 құзырет бойынша қатысып, күміс, қола медаль және төрт медальон алып, тарихта үздік нәтиже көрсетті, - деді Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Серік Жартыбаев.

Чемпионат қатысушының әрқайсысы, жеңіске жетпесе де, осы жарысқа баруының өзі оның жоғары деңгейлі маман екенін білдіреді. Демек, оны кез келген халықаралық компания жұмысқа шақыруы мүмкін. Бұл жастардың болашағы зор.

Жүлдегерлер ел аралап, студенттермен кездесіп, шеберлік сыныптарын өткізеді. 

Новости партнеров