"Ет жемейтін министр". Зүлфия Сүлейменованың жаңа қыры жария болды
Жаңа жылдан кейін үкімет құрамындағы ауыс-түйіс кезінде экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалған Зүлфия Сүлейменованыңжеке қасиеттері туралы белгілі болды, деп хабарлайды arbat.media.
Вице-министр қызметін атқарған тұсында "Хабар 24" арнасындағы бағдарламасына сұхбат берген Зүлфия Сүлейменова киімді қандай талғаммен киетінін, сонымен бірге, суды тұтыну мәселесіне алаңдайтынын айтқан.
Мен тері өнімдерін кимеймін, етті тұтынбаймын. Жануарларға адамгершілікпен қарауды өзімізден бастау керек деп есептеймін. Жануарларға сыналған косметиканы қолданбаймын, зообақтарға, дельфинарийлерге бармаймын. Бұлның барлығы менің жеке шешімім, - дейді Зүлфия Сүлейменова.
Киім алғанда бірнеше жыл кисе де сапасын жоғалтпауы керек деп санайтын министр өзіндік қағидаларымен бөліскен.
Ал жұмыстан тыс уақытта Жапонияда не кисем, Қазақстанда да соны киемін. Мені су тұтыну мәселесі қатты алаңдатады. Себебі бір пиджакты дайындау үшін 12-15 мың литр су жұмсалады, - дейді министр.
Зүлфия Сүлейменова 1990 жылғы 25 ақпанда Ақтөбе облысында дүниеге келген. Үш тілді еркін меңгерген. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін аяқтаған екен. Сосын Жапония ұлттық саяси зерттеулер институтында оқуын жалғастырған. 2020-2021 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарып, 2021 жылдың қаңтарында Мәжіліс депутаты болып сайланды. 2022 жылғы наурыздан бастап осы күнге дейін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болды.