Ертісбаевқа "тіл тигізген" Арман Шораевқа қатысты сот отырысы кейінгі шегерілді
6 марта 2023 г. 19:39 / Новости Казахстана
Парламент Мәжілісінде кандидат ретінде тіркелген Арман Шораевқа қатысты сот отырысы алдағы аптаға ауыстырылды, деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстан халықтық партиясының төрағасы Ермұхамед Ертісбаевқа тіл тигізіді деп айыпталған Арман Шораевты Нұрия Балтабайқызы сотқа берген болатын. Алайда, дүйсенбідегі сот отырысы жауапкердің талабы бойынша кейінге ауыстырылған. Бұл туралы Арман Шораев әлеуметтік желіде жазба жариялады.
Нұрия Балтабайқызы деген шағымданушы адамның өзі сотқа келмеді. Менiң сотқа қойған талабым – шағымданушы тарап өзі келуі тиіс! Сонымен талап қанағаттандырылып, сот кейінге яғни 10 наурызға шегерілді. Мені қолдауға келген барлық азаматтарға – көп рахмет! Ризамын, - деп жазды Арман Шораев.
Бұған дейін Арман Шораев мәселенің мәнісі туралы жұртшылыққа хабарлаған болатын.
Бәріңізге белгілі, Ертісбаев келіскен пікірсайысқа келмей қалды. Сотта да өзін ұсынып отырған партиясын қорғауға, партиясы үшін жігіттік сөзін айтуға да жарамай отыр. Қазақстан Халықтық партиясынан депутаттыққа жалғыз кандидат Нұрия Балтабайқызы жеке басы мен партиясы туралы жалған ақпараттар таратты деп сотқа шағымданып жатыр. Нұрекең айтқандай шынымен де ар-намысына тигенім сотта дәлелденсе, мені депутаттыққа кандидат ретінде тіркеу туралы шешімнің күші жойылады, - деген болатын Арман Шораев.
1 августа 2026 г. 12:12 / Новости Казахстана
Минэнерго Казахстана опровергло сообщения о полной остановке КТК
1 августа 2026 г. 10:53 / Новости Казахстана
Минцифры РК не подтвердило утечку 4,2 млн записей из Daryn.online
31 июля 2026 г. 17:12 / Новости Казахстана
Токаев выразил соболезнования премьеру Японии после землетрясения в Кумамото
31 июля 2026 г. 16:00 / Новости Казахстана
Дороги, жилье и логистика: почему современная инфраструктура становится двигателем экономики Казахстана
31 июля 2026 г. 11:21 / Новости Казахстана
Хит Энрике Иглесиаса Bailando впервые исполнили на домбре
31 июля 2026 г. 11:00 / Новости Казахстана