Ерлан Қошанов: Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек

13 сентября 2023 г. 15:10 / Новости Казахстана

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектептегі хиджаб дауына қатысты пікір білдіріп, мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек екенін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ерлан Қошанов мектеп – білім ордасы екенін, онда білім берілуі керектігін баса айтты.

Қазақстан – зайырлы мемлекет, Конституциямызда, басқа заңдарымызда анық көрсетілген. Ата заңымыз дін бостандығына шектеу қоймайды, өзінің діни рәсімдерін жасаймын деушілерге кедергі жоқ. Алайда мектептерді саяси бағыттар мен діни ағымдар ордасына айналдыруға болмайды.

Сондықтан біз балаларды немесе оқытушыларды басқа мәселеге алаңдатпауымыз қажет деп ойлаймын. Және министрліктің заң бойынша қандай форма киетіні туралы стандарттары бар ғой. Сол стандарттарды да ұстануымыз керек.

 

Автор
Новости партнеров