«Еркекті аяусыз сабаған»: ПД оқиғаның мән-жайын жеткізді

28 августа 2023 г. 19:49 / Новости Казахстана

Абай облысының полиция департаменті әлеужеліде «Семейдің полиция қызметкерлері Астана тұрғынын аяусыз сабағанына» қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Полиция департаментінің мәліметінше, полиция қоғамдық орында мас күйде жүрген еркекті көріп, әкімшілік хаттама толтырған.

«Тексеру жүргізілді. Полицейлердің бақылау камералары мен бейнежетон жазбасын қарады. Онда полицейлердің еркекті медициналық айықтырғышқа апарып, дәрігерлер ол еркекті қарап, орташа дәрежелі мас деп куәландыру жүргізгені көрініп тұр. Ол полицейлерден алған жарақат туралы хабарлаған жоқ», - делінген.

Ол адамға сосын әкімшілік хаттама толтырылып, таныстырылып, келісіп, полицей планшетіне өз қолымен қол қойған.

«Бірақ кейін Instagam-да өзін соққы алған адам ретінде көрсетіп, орталық полиция бөліміне барып, басқа полицейлерден оған жедел жәрдем шақыруын өтінген. ҚР ҚК 419-бабымен (Көрiнеу жалған сөз жеткiзу) бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр», - делінген хабарламада.

 

Новости партнеров