Ердоған еліміздің Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрін марапаттады

26 апреля 2023 г. 14:27 / Новости Казахстана

Анкарада ақпан айында елде болған жер сілкінісінің салдарын жою кезінде құтқару бөлімшелерін басқарған төтенше ведомстволардың өкілдері марапатталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Марапатталғандар арасында Қазақстаннан Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев зілзала салдарын жоюға көмек көрсеткені үшін медаліне ие болды. Аталған ммлекеттік награданы түрік басшысы Режеп Тайып Ердоган табыстады

Бауырлас Түрік халқына тағы да көңіл айтамын. Адамдардың өмірін құтқаруға қатысқан барша халыққа, құтқарушылар мен дипломатиялық корпусқа ризашылығымды білдіремін! Біз Түркия халқы жақын арада табиғи апаттың салдарын жеңеді деп сенеміз!» - деді Ибрагим Күлшімбаев. 

Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күштері 7 адамды құтқарған болатын. 

Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды. Қазақстандық құтқарушылар қолмен, сондай-ақ инженерлік техниканы, авариялық-құтқару жабдықтарын, шанц аспаптарын тарта отырып, 250 мың текше метрден астам үйінділерді бөлшектеді.

Сонымен бірге елімізге оралған құтқарушыларды президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік марапаттар табысталды. 

Автор
Новости партнеров