Ерболат Досаев: Алматыда су тұтыну тарифі өседі

21 сентября 2023 г. 17:50 / Новости Казахстана

Алматы әкімі Ерболат Досаев алдағы уақытта қалада су тұтыну тарифі өзгеретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматыда су бағасы тым арзан десе болады. Мемлекет басшысы мен Үкіметке су тұтынудың қалыпты нормаларын енгізу үшін ұсыныс жасағымыз келеді. Су бойынша бір тариф болсын, ал тұтыну нормасынан асатын барлық нәрсе нарықтық негізде төленуі тиіс. Биыл жазда қаламыздың кейбір аудандарында судың расымен басты байлық екеніне көзіміз жетті.

Енді қалада су тұтыну тарифі өзгереді. Өйткені компаниялар негізінен ішетін суды емес, техникалық суды пайдалануы керек. Бірақ бізде Кеңес одағы кезінен қалған «суды аямау» дәстүрі әлі бар. Меніңше, бұл мәселеге көзқарасымызды өзгертетін уақыт жетті. Сондай-ақ Алматы су мен болашағымызға ұқыпты қарау жөнінде басқаларға үлгі бола алады деп ойлаймын», - деді Ерболат Досаев.

Автор
Новости партнеров