Ералы Тоғжановтың әкім інісі қоластындағы қызметкерді боқтағаны үшін жауапқа тартылмайтын болды

25 декабря 2022 г. 18:11 / Новости Казахстана

Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжановтың қол астындағы қызметкерінің біріне бейәдеп сөйлеген аудиожазбасына қатысты жауапқа тартылмайтын болды, деп хабарлайды  arbat.media.

Әкімдік қызметкерлерін кінәлап боқтаған әкім ісіне осымен тоқтатылды. Uralskweek.kz жазуынша, мемлекеттік қызмет істері агенттігі бұл аудиожазба бойынша тексеру жүргізгеннен кейін тәртіптік жазаны қолдану мерзімін өтіп кеткені туралы шешімге келген.

Қызметтік тергеу материалдарын тексеру қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі комиссия Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжановтың тарапынан мемлекеттік қызметкер ретінде Әдеп кодексінің нормаларын бұзу дерегін анықтады. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану мерзімдерінің аяқталуына байланысты Тоқжановқа қатысты тәртіптік іс тоқтатылды, — деп жазылған хабарламада.

Аталған жағдай 2022 жылдың сәуір айында болған. Алайда әкімге қатысты аудиожазба желіге күзде тараған. Шарт бойынша мемлекеттік қызметте жаза тәртіп бұзған жағдайдан кейін тек бір ай ішінде қолданылуы тиіс екен. Осыдан кейін аудан әкімі Марат Тоғжанов жауапкершіліктен толық босатылды.

Марат Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың туған інісі. Ол бұған дейін республикалық кәсіподақтар федерациясында вице-президент, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары секілді қызметтерді атқарған.

Автор
Новости партнеров