Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев: елдегі мұнай 100 жылға жетеді

11 апреля 2023 г. 19:31 / Новости Казахстана

11 сәуір күні өткен Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елдегі мұнай қоры қанша жылға жететіні туралы айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің пікірінше Қазақстандағы мұнай алдағы бір ғасырға жетеді.

Алдын ала болжамдар бойынша мұнай 100 жылға анық жетеді. Бірақ бізде перспективалы блоктар бар. Үкімет Мемлекет басшысының қолдауымен жаңа модельдегі келісімшарт дайындады. Ол бойынша жаңа мұнай кеніштеріне барлау жасағандарға салмақты жеңілдіктер ұсынылады. Көптеген компаниялар ол жеңілдікті пайдаланды да. Жеке айтсақ, "Лукойл" сондай келісімшартқа қол қойды, - деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап бере отырып. 

Министр Әзербайжан тарапы да Қазақстан аумағында мұнай қорын барлауға ниетті екенін айтты.

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің сапары кезінде Баку делегациясы Қазақстанға инвестиция салуға ниет білдірді. Олар көмірсутек көздерін барлау, игеру туралы жаңа мәселелерді көтерді. Қазір энергияға деген сұраныстың артып келе жатқанын ескерсек, ресурс базасын толықтыруға қаражат жұмсауды жалғастыруымыз керек, - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Автор
Новости партнеров