Елордаға келген маңғыстаулық мұнайшылар "Өзенмұнайгазға" орналасуды талап етті

11 апреля 2023 г. 15:44 / Новости Казахстана

Жұмыссыз қалған 250 маңғыстаулық мұнайшылар Астанаға келіп, «Қазмұнайгаз» бен Энергетика министрлігі ғимараты алдында жиналып, «Өзенмұнайгаз» АҚ штатына жұмысқа орналасуды талап етті, деп хабарлайды Arbat.media.

Былтыр жұмысшылар «Берали Маңғыстау Company» мекемесінде жұмыс істеген. Кейін жұмыссыз қалып, ешқандай әлеуметтік көмек ала алмаған.

Мен де «Берали Маңғыстау Company» мекемесінде жұмыс істедім. Жұмыс тоқтап қалып, тендер болмай, жұмыссыз қалдық. Бізге тұрақты жұмыс керек. Сол үшін осы жерге келіп отырмыз. Күттік, алайда мәселе шешілмеді. 250 адамдай жұмыссыз қалдық, - дейді Жаңаөзен қаласының тұрғыны, мұнайшы Оңғар Есімов.

ҚМГ мәліметінше, қазіргі уақытта жиналғандар «Өзенмұнайгаз» АҚ штатына жұмысқа орналасуды үзілді-кесілді талап етіп отыр.

Бұл Жаңаөзендегі жұмыссыздарды кезек бойынша аталған мекемеге жұмысқа орналастыру тәртібіне қайшы келеді. Бұл ережелердің моноқала тұрғындарының талабына сай, жұмыс орындарын әділ бөлу үшін қабылданғанын айта кету керек. Осылайша, елордаға келгендердің талаптарын қабылданған құқықтық рәсімдерге қайшы болуына байланысты орындау мүмкін емес, - делінген ҚМГ таратқан хабарламада.

 

 

Автор
Новости партнеров