Еліміздің оңтүстігі мен шығысында таулы алқап отқа оранды

4 июля 2023 г. 21:35 / Новости Казахстана

Бүгін еліміздің екі өңірінде өрт сөндіру жұмыстары кезінде таулы аймақтағы жалын толық өшірілді. Ал екінші алқаптағы өртті сөндіруде қиындықтар туындап отыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Таңертең сағат 10.30-да Жамбыл облысының Т. Рысқұлов атындағы ауданында таулы жерде орын алған құрғақ шөп өрті ауыздықталды. Тілсізд жау таудың басында орын алып, таңғы 8.38-де оқшауланған. ТЖД қызметкерлері өрттің ауданы 48 гектарды құрағанын мәлімдеі. 

Сондай-ақ, ШҚО-ның Ұлан ауданы Асубұлақ орман шаруашылығының аумағында таулы, қол жетпейтін жерлерде құрғақ шөптер мен бұталар өртеніп жатыр. Аталған апаттан қазір елді мекендерге қауіп төніп тұрғаны жоғы белгілі болды. Алайда өрттің жердің таулы, жартасты, жетуі қиын орында болуы сөндіруді қиындатып отыр.  Сол себепті оған МИ-2 және МИ-8 тікұшақтарымен орманшылар мен өрт сөндірушілер жасақтары жану орнына жеткізілді.

Өртті сөндіруге ШҚО әуе бөлімшесі мен «Қазавиақұтқару» АҚ су ағызатын құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылып, ол 13 рет су шашқанын мәлімдеді. Белгілі болған дерек бойынша жалынның алдын ала ауданы шамамен 6 гектарды құрап отыр. 

Өртті сөндіруге орманшылардан, өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардан 180-қа жуық адам, 23 техника, Шығыс Қазақстан әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы «Қазавиақұтқару» АҚ-ның 2 тікұшағы жұмылдырылған.

Автор
Новости партнеров