Еліміздің бірнеше қаласында қылмыстық топтың 20 мүшесі ұсталды

12 июля 2023 г. 14:37 / Новости Казахстана

Шілде айының басында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, Батыс Қазақстан облысының Прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Орал және Ақсай қалаларында екі қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолын кесу бойынша бір мезгілде арнайы операция жүргізу барысында 20 адамды ұстады, деп хабарлайды Arbat.media.

Аталған қылмыстық топ мүшелері адамдар бопсалау, бұзақылық және тонау күдігімен қамауға алынған. Тінту шаралары кезінде топ мүшелерінен атыс және суық қарулары мен есірткі заттары тәркіленген. 

Күдіктілердің бейбіт азаматтарды қорқытып, физикалық зорлық-зомбылық көрсеткені мәлім болып отыр. Олар топ мүшелерінен қауіптеніп, ішкі істер органдарына жүгінбеген көрінеді. Сондай-ақ, қамауға алынғандар бұрын сотталғандар және деструктивті діни ағым өкілдерінің мүшелері екені белгілі болды. 

Қылмыстық топ мүшелері бір бірімен текетіресте болғандары және белгілі бір аймақтарда өз әмірлерін жүргізу үшін қару қолдана отырып қақтығыстарға барғандары айтылды. Қазір аталған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Автор
Новости партнеров