Еліміздегі орташа зейнетақы көлемі белгілі болды

18 мая 2023 г. 17:32 / Новости Казахстана

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлер саны – 2 млн 297 мың адамды құрады, деп хабарлайды Arbat.media.

Еліміздің ЕХӘҚМ баспасөз қызметінің дерегі бойынша, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 98,9 млрд теңге сомасына зейнетақы төлеуге бөлінген. Оның ішінде базалық зейнетақы – 337,4 млрд теңге болса, ынтымақты зейнетақы – 761,5 млрд теңгеге жетті. 

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 686 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 851 теңге, базалық зейнетақы – 37 835 теңге. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз, - деп жазылған ЕХӘҚМ баспасөз қызметінің мәліметінде. 

Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер еңбек өтілі 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 80 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 100% белгіленеді.

Автор
Новости партнеров