Елімізде төрт өңірдеі білім саласында жемқорлық өршігені айтылды

28 апреля 2023 г. 17:17 / Новости Казахстана

Елімідегі білім беру ошақтарындағы жемқорлық бойынша Шымкент қаласы, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында деректер көп кездеседі, деп хабарлайды Arbat.media.

Жаңақорған ауданында білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңесте республика бойынша нәтижелер айтылды. 

Министрліктің басым міндеттерінің бірі - білім беру ұйымдарын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету және білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсарту. Мықты басшыларды іріктеу және даярлау бағдарламасы әзірленуде. Барлығы ашық әрі айқын болу үшін жоғары білікті педагогтер базасын және мектеп директорларының кадрлық резервін құру жоспарлануда, - деді Ғани Бейсембаев.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі еліміздің барлық білім беру ұйымдарында аудит жүргізу туралы шешім қабылдаған еді. Бірлескен талдаудың басталуына білім беру саласындағы түрлі сыбайлас жемқорлық қылмыстар себеп болған. 

Олардың басым бөлігі Шымкент қаласы, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында тіркелгені анықталып отыр. Кеңес қорытындысы бойынша білім саласындағы қазіргі жағдайды өзгерту үшін кешенді шаралар қолдану жөнінде шешім қабылданды.

 

Автор
Новости партнеров