Елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталғалы отыз мыңнан астам адам мемлекеттік нөмірге

17 февраля 2023 г. 19:44 / Новости Казахстана

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталғалы бір айға жуық уақытта отыз мыңнан астам ел азаматы мемлекеттік нөмірге қол жеткізді, деп хабарлайды Arbat.media.

Бүгінгі таңда 73 748 азаматтың көліктері тексеруден сәтті өтіп, өтінімдері мақұлданды. 32 002 көлік заңдастырылды, - деп жазылды ІІМ телеграм-арнасындағы ресми парақшада. 

Аталған науқан 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғаспақ. Бұған дейін 1 апта ішінде еліміз бойынша бір аптада 7 мыңнан астам көліктің мемлекеттік тіркеуден өткені белгілі болды.

Заңдастыр үшін өтінімді е-gov.kz электрондық үкімет порталы, екінші деңгейлі банктердің қосымшалары, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруге мүмкіндік қарастырылған. Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы тиіс. Сонымен бірге, көлік  қылмыстық есепте болмауы тиіс, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет етіледі. 

Автор
Новости партнеров