Елімізде ғылымды дамытудың басым бағыттары бекітілді

28 сентября 2023 г. 15:00 / Новости Казахстана

Ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттарын айқындау мәселесі қаралды

Бұл Үкіметтің ресми сайтында  жарияланды.

Үкімет басшысы күні кеше ғана Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы 2023 жылға арналған Жаһандық инновациялық индексті жарияланғанын атап өтті.

Ол ғылымға, білім беру жүйесіне және инфрақұрылымға қатысты 80-ге жуық көрсеткішті қамтиды.

«Қазақстан Үндістан мен Ираннан кейін Орталық және Оңтүстік Азия аймағы бойынша үздік 3 инновациялық экономиканың қатарына енді. Цифрлық даму, ғылым және жоғары білім министрліктері еліміздің халықаралық аренадағы позицияларын жақсарту үшін ғалымдарға қажетті жағдай жасау және инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жалғастыруы керек», — деді Әлихан Смайылов.

Ведомство басшысы Саясат Нұрбектің баяндауынша, халықаралық тәжірибені, атап айтқанда, Еуропалық Одақ елдері, Канада, Австралия, Малайзия, Испания және басқа да мемлекеттерді, сондай-ақ Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында және басқа да бағдарламалық құжаттарда белгіленген стратегиялық міндеттерді ескере отырып, алдағы жылдарға арналған ғылымды дамытудың алты басым бағыты әзірленді.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыты жеке қарастырылатын болады.

Жалпы, белгіленген басымдықтар шеңберінде:

су ресурстарын ұтымды пайдалану;

топырақ сапасын сақтау;

энергетикалық қауіпсіздікті (соның ішінде жылу энергиясын) қамтамасыз ету;

парниктік газдар шығарындыларын азайту және жаңартылатын көздерді дамыту мәселелеріне назар аударылады.

Талқылау және дауыс беру нәтижелері бойынша Жоғары ғылыми-техникалық комиссия аталған тәсілдерді мақұлдады.

Автор
Новости партнеров