Елімізде болған жол апатының 12 пайызында өлім жағдайы тіркелді

2 июня 2023 г. 15:52 / Новости Казахстана

2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында елімізде 3,4 мың жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 404 жағдғай өлім-жітіммен аяқталған, деп хабарлайды Arbat.media ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

2,9 мың жол-көлік оқиғасы жүргізушілердің, 81 оқиға – жаяу жүргіншілердің және жол қызметтері мен мердігерлердің кінәсінен 1 оқиға тіркелген. 

Сондай-ақ, елдегі барлық жол апаты арасында 2,6 мың оқиға ашық ауа райында, 177 жағдай - бұлтты күндері, 128 жағдай – қар жауғанда, 72 - жаңбыр кезінде, 25 - тұман кезінде болған. 

Өңірлік бөліністе жол апаттары көбінесе Алматыда тіркелген: жыл басынан бері – 957 жағдай, (жылына -0,3%). Антилидерлер үштігіне Алматы (336 жағдай, -49,5%) және Жамбыл (305 жағдай, -22,6%) облыстары да кірді.

Ең аз жол-көлік оқиғасы Ұлытау облысында тіркелген (жыл басынан бері 13 жағдай). Одан кейін Солтүстік Қазақстан (64 жағдай) және Қарағанды (82 жағдай) облыстары тұр.

Биылғы қаңтар–сәуір айларында республика бойынша екі облыста ғана жол-көлік оқиғасы саны артқан: Батыс Қазақстан (19,7%-ға, 85 жағдайға дейін) және Павлодар (1,6%-ға, 129 жағдайға дейін) облыстары. Тағы Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында - ЖКО саны өзгеріссіз қалған.

Сондай-ақ, биыл қаңтар-сәуір айларында жол апатынан 4,8 мың адам зардап шеккен - бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,8%-ға аз. Жараланғандар саны 15,6%-ға – 4,3 мың адамға дейін қысқарған, олардың арасында 2,4 мың ер адам және 1,9 мың әйел бар. Жарақат алғандар арасында кәмелетке толмаған 799 бала болған (-16,6%). Тағы 2,2 мың адам ауруханаға жатқызылды – бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,4%-ға аз.

Жыл басынан бері 522 адам қаза тапқан, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,3%-ға аз, оның ішінде 375 ер адам мен 147 әйел бар. Қаза тапқандар арасында кәмелетке толмаған 52 бала болды және бұл санатта бір жылда бірден 23,8% өсім байқалған.

Автор
Новости партнеров