Елімізде 7 және 9 мамырға арналған әскери шеру өтпейді

24 апреля 2023 г. 18:41 / Новости Казахстана

Биыл Қазақстанда 7 мамыр - Отан қорғаушы және 9 мамыр - Жеңіс күні мейрамына орай әскери шеру өтпейтін болды, деп хабарлайды Arbat.media

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шараға бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында шектеу қойылған.

Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында және басқа да міндеттерді шешу қажеттігіне байланысты биыл елімізде әскери шеру өтпейді. Жалпы алғанда қазіргі уақыттағы маңызды басымдық - Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын талап етілетін деңгейде ұстап тұру, - деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек, Қорғаныс министрлігі әскери-патриоттық іс-шараларды жоспарлап, өткізіп жатқаны атады.

Аталған шаралар ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді құрметтеу, соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу және олардың ерлігін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатын көздейді" - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте.  

Сонымен қатар, 7 және 9 мамыр мерекелеріне арналған шаралар туралы ақпарат жуырда министрліктің ресми сайтында жарияланатын болады. 

Автор
Новости партнеров