Елімізде 62 мыңнан астам жетім үй кезегіне тіркелген
Еліміз бойынша 62 мыңнан астам жетім үй кезегіне тіркелген, деп хабарлайды Arbat.media.
Мәжіліс депутаты Ирина Смирнованың сөзінше пәтер кезегі тек 120 жылдан кейін келетінін атады.
Бүгінгі таңда ересек болған 62 351 жетім үй кезегінде тұр. Тәуелсіздік алғалы 8 444 үй бөлінген. Және бұл тек тегін үй ғана емес, сатып алуға тура келетіні де бар, - деді депутаттық сауал жолдаған И.Смирнова.
Бүгінгі таңда кезекте тұрғандар 120 жылдан кейін ғана сол үйге қол жеткізеді екен. Алайда, Петропавлда 1,5 мың пәтердің бары, Қарағандыда әлеуметтік тұрғыдан әлсіз санатқа арналған үйдің мемқызметкерлер арасында заңсыз бөлінуі, және бұдан да басқа деректер, оның пікірінше, жетімдерге арналған үй бар, бірақ шенеуніктер оны уыстарынан шығарғысы келмейді-ау деген ойға жетелейді.
Депутат жедел түрде аталмыш санаттағы азаматтарды тұрғын үй ваучерлерін қолдану, тікелей үймен қамтамасыз ету, жекешелендіру құқығымен және басқа да тәсілдер арқылы тұрғын үймен қамту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Ол сырттан елімізге қайтарылған шетелге заңсыз шығарылған Т670 млрд көмегімен жетімдерді тұрғын үймен қысқа мерзімде қамту мүмкіндігі туып отырғанын алға тартты.