Елімізде 13 миллион кибершабуыл бұғатталды
Елімізде бұғатталған кибершабуыл саны 13 миллион болған, бұл өткен аймен салыстырғанда 3,3 есе аз, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстандағы мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарының желілерінде ботнеттің ең көп таралған түрлері Аndromeda, Botnet, Mozi.Botnet және Mariposa.Botnet.
Алдыңғы аймен салыстырғанда зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету түріндегі ақпараттық қауіпсіздік фактілері 53,8%-ға азайды. Фактілердің дені жергілікті атқарушы органдарда және квазимемлекеттік секторда тіркелген.
Securitylab-тың мәліметі бойынша, Andromeda 80 түрлі зиянды бағдарламалар тобын қамтитын ең көне және тұрақты ботнеттердің бірі. Ол спам тарату, деректерді ұрлау, DDoS шабуылдары және басқа да мақсаттар үшін пайдаланылады. 2017 жылдың желтоқсанда бірнеше елдің қауіпсіздік мамандары мен құқық қорғау органдарының бірлескен операциясының нәтижесінде ішінара жойылды.