Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалында есе жіберді
Елена Рыбакина Уимблдонда жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен шеберлік байқасқан еді. Қарсыластар осыған дейін өзара төрт рет кездескен, нәтижесі 2:2 болып аяқталған еді.
Бұл жолы бірінші партияда теннисшілер екі-екіден брейк жасады. Тай-брейкте қазақстандық спортшы басымдылық танытты - 7:6 (7:5).
Алайда екінші сет соңына таман Онс Жабер күш алып кетіп, 6:4, 6:1 нәтижесі тіркелді. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Рыбакина 7 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың екеуін пайдалана алды.
Енді Онс Жабер финалға шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен таласады. Ол дүниежүзілік рейтингте 18-орында тұрған америкалық Мэдисон Кизді қапы қалдырды - 6:2, 6:4.