Елена Рыбакина Штутгарт турниріндегі ойынды жалғастырудан бас тартты

21 апреля 2023 г. 12:30 / Новости Казахстана

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияда өтіп жатқан WTA турнирінің іріктеу кезеңінде Бразилия спортшысына жол берді, деп хабарлайды Arbat.media.

Штутгартта басталған турнирдің 1/8 финалдық кезеңінде отандасымыз бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездескен болатын. Алайда Е.Рыбакина белгісіз себеппен екінші сетте ойыннан бас тарттын 

Ойын бір сағаттан астам уақытқа ұласып, бірінші кезең 6:1 есебімен Хаддад Майяның еншісіне бұйырды. Елена бірінші сеттің бірінші берісті ұтқанымен, ұтқанымен қалған алты геймде еш ұпай иелене алмады. Осылайша бірінші кезеңнен сүрінге отандасымыз екінші сетті тегеурінді қарсылық көрсетпеді. Ойын 3:1 есебімен өтіп жатқан сәтте ол жалғастырудан бас тартты. Осылайша, ширек финалған Бразилия спортшысы жолдама алды.  

Бұған дейін Елена Рыбакина АҚШ-та Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің чемпионы атанған болатын. Сонымен бірге, ол жыл басынан бері үш ай бойынша табысты ойыншылар арасында бірінші орынға тұрақтады. Елена Рыбакина қазіргі уақытта әлемдік рейтингтің жетісінші сатысында жайғасқан. 
Автор
Новости партнеров