Елена Рыбакина әлемдік рейтингте жетінші орынға тұрақтады

10 апреля 2023 г. 15:09 / Новости Казахстана

Бүкіл әлемдік әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңа рейтингті жариялады, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина бұл тізімде бұрынғы жетінші орнын сақтап қалды. Ал WTA-ның чемпиондық тізімінде Елена екінші сатыға жайғасты. Сонымен бірге, аталған әлемдік рейтингіде Юлия Путинцева 47-орыннан 45-ке жоғарылады. 

Жұптық ойын бойынша Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 26-орында қалды. Ал  Жәнел Рүстемова 972-сатыға ілінді.

WTA рейтингісінің 10 сәуірдегі көрсеткіші төмендегідей:

7 (0). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 4305,

45 (+2). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1235,

427 (+14). Жібек Құламбаева (Қазақстан) – 112,

463(-10). Гөзал Айнитдинова (Қазақстан) – 96,

1111 (+24). Аружан Сағындықова (Қазақстан) – 10.

Бұған дейін Елена Рыбакина АҚШ-та Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің чемпионы атанған болатын. Сонымен бірге, ол жыл басынан бері үш ай бойынша табысты ойыншылар арасында бірінші орынға тұрақтады

Автор
Новости партнеров