Елена Рыбакина әлемдік рейтингі 10 орынға тұрақтады

30 января 2023 г. 18:26 / Новости Казахстана

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) өзінің жаңа рейтингін жариялап, қазақстандық Елена Рыбакина 25-ші орыннан 10-шы орынға көтерілді, деп хабарлайды Arbat.media.

Отандасымыз бұл көрсеткішке Аустралия ашық чемпионатының финалына шыққаннан кейін ие болды. Алайда турнир чемпионы атану үшін маңызды кездесуде Рыбакина  беларусьтік Арина Соболенкоға 2:1 есебімен ұтылып қалды.   

Жаңа рейтинг Рыбакина 10-шы орында тұр. Оның еншісінде 2815 ұпай бар. Қазақстандық теннисші алда тағы бір турнирді ұтса, жоғары көтерілуі мүмкін. Қазіргі уақытта 9-шы орында тұрған швейцариялық Белинда Бенчичтан отандасымыздан небәрі 90 ұпай ғана алда тұр. 

Бұл турнир Қазақстан атынан сынға түсетін үлкен теннис шеберінің екінші финалы. Отандасымыз өткен жылы Умбилдон турнирінде жеңімпаз атанған еді. Ал Аустралияның ашық чемпионатында қазақстандық теннисші 1/32 финалда Осорио Серраноны, 1/16 кезеңде Даниэль Коллинсті ұтты. 1/8 финалда польшалық Ига Швентекті айқын басымдықпен қапы қалдырды. Ал ширек финалда латвиялық Елена Остапенконы жеңіп, жартылай финалға шықты. Енді Е.Рыбакина финалдық сында екінші орынды қанағат тұтты. 

Автор
Новости партнеров