Қазақстандық экс-депутаттың ұлы Ресей үшін соғысып жүр - журналист
Мәжілістің төртіншіні шақырылымында депутат болған Сәмиғолла Оразовтың ұлы Ресей мүддесі үшін Украинада соғысып жүр, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы оралдық белгілі журналист Лұқпан Ахмедияров мәлімдеді. Ол бұрын Орал қаласын ұзақ жылдар бойы басқарып, кейін Мәжіліс депутаты болған Сәмиғолла Оразовтың ұлының жат елде соғысып жүргенін әлеуметтік желіде жазды.
Орал қаласының бұрынғы әкімі және ҚР Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Сәмиғолла Оразовтың 45 жастағы ұлы Бауыржан Ресей басқыншыларымен бірге Украинада соғысып жүр. Бауыржан Оразов бұрын Орал қаласындағы есірткіге қарсы күрес бөлімінде қызмет атқарған. Онымен бірге істеген әріптестерінің айтуынша, Ресей әскерінің киімін киген ол қазақстандық шенеуніктің ұлы. Бауыржан біраз жыл бұрын Қазақстан полициясы қатарынан шығып, кейін Ресейге кеткен, - деп жазды Лұқпан Ахмедияров.
Журналист суретті Украина қарулы күштерінінің әскерилеріне көрсеткенде олар Бауыржан Оразовтың басқыншылар жағында екенін, ДХР деп аталатын армияның еріктілерінің құрамында әскери іс-қимылдарға қатысады деп санайтындықтарын атаған. Бұған суретте көрсетілген жағдай толық дәлел бола алады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram