Екібастұзда тағы жылу жоқ: қала әкімінің жауабы
Екібастұз қаласының тұрғындары тағы да наразылық білдірді, себебі батарея суық, ыстық су да жоқ, ал ауа райы суып кетті. Қала әкімінің айтуынша қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, сондықтан үйлердің іші суық, деп хабарлайды Arbat.media.
Кешеден бері әлеуметтік желіде қала тұрғындары жылусыз отырғанын жазып жатыр. Тұрғындардың біреуі қала әкімі Аян Бейсекиннің өзіне жазған жауабына қанағаттанбай отырғанын жеткізді.
Сіз жеке парақшада менің сұрағыма жауап бердіңіз. ЖЭС баяу жұмыс істеп жатқанын және температураны көтеру үшін тағы бір қазандықты қосуға кіріскенін айттыңыз. Бірақ 16 сәуір болды. Батарея мұз болып тұр ғой, - деп жазды қала тұрғыны.
Екібастұз жылу электр станциясының парақшасында үш қазандықтың істеп тұрғаны жазылған. Күн суып кеткеннен кейін төртінші қазандықты жағуға кіріскен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өкінішке қарай, станция маусымаралық жөндеу режимінде жұмыс істеп тұр", - деп жауап берді Бейсекин бір қала тұрғынына.
Оның айтуынша қазандықтардағы температураны көтеруге тырысып отыр.
Ашығын айтсақ, барлық құрал-жабдықты күрделі жөндеуден өткізбесек, температуралық параметрлерді қажетті деңгейге жеткізу мүмкін емес. Біз алдағы жөндеу жұмыстарының жоспарын әзірледік, - дейді қала басшысы.