Екібастұз тұрғындары қыс ортасында тағы жылусыз қалды

6 января 2023 г. 20:56 / Новости Казахстана

Екібастұзда бірқатар көшедегі үйлер жылу жүйесінен ажырап қалды, деп хабарлайды Arbat.media.

"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС мәліметінше, 6 қаңтарда құбырлардағы ақауды жою үшін Абай 29, Кеншілер 27, Дүйсембаев 26, 28, 30, 32 көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлерде жылумен қамту уақытша тоқтатылды. 

Сонымен бірге, бүгін сағат 17:00-ге дейін ақауды жою үшін №14 жылу магистралінің учаскесі де өшірілмек. Жалпы, жылумен жүйесінен 25 көпқабатты және 149 жеке тұрғын үй ажыратылып отыр. 

Айта кетейік, биылғы қыста жылу жүйесінен ажырап, адамтөгісіз суықта өмір сүруге мәжбүр болды. Еліміз бойынша энергетикалық апаттар Риддер, Өскемен, Петропавл, Жезқазған және Астанада тіркелді.

27 қараша күні Екібастұз тұрғындары 30 градус аязда апаттқа байланысты жылусыз қалған болатын. Энергетика министрлігі жылу желілеріндегі апат Екібастұз ЖЭО-да қазандықтарының жұмысының тоқтауына әкелгенін мәлімдеді.  

Екібастұздағы аталған жылу электр орталығы белгілі олигарх Александр Клебановқа тиесілі. Апат кезінде ол ЖЭО 1 теңгеге сатуға дайын екенін айтқан. ЖЭО-на иелік еткелі бері бірнеше миллиард теңге шығынға батқанын айтып, "судан құрғақ күйінде" құтылғысы келетінін байқатқан еді. Ал Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Клебанов мемлекет пен тұрғындарға келтірген материалдық шығынды өтеуі керек деп санайды. 

Автор
Новости партнеров