Егер кредит алудан ерікті түрде бас тартқың келсе ...

31 августа 2023 г. 17:28 / Новости Казахстана

Қазақстандықтар eGov mobile мобильдік қосымшасында және eGov.kz порталында несие алудан ерікті түрде бас тартатындығы жөнінде өтініш қалдыра алады, - деп хабарлайды  Arbat.media.

Электронды үкімет порталында кредит алудан ерікті түрде бас тартуға өтініш тегін қабылданады.

Енді eGov mobile мобильдік қосымшасында және eGov.kz порталында несие алудан ерікті түрде бас тарту жөнінде өтініш бере аласыздар. Яғни, бүгіннен бастап әрбір қазақстандық өз еркімен несие мен микроқарыз рәсімдеуге тыйым сала алады. Қызметке азаматтың тек өзінің өтініш беруге мүмкіндігі бар. Несие мен микроқарызды рәсімдеуге тыйым салу 6 айға белгіленеді және мерзімі өткеннен кейін автоматты түрде алынып тасталады. Сондай-ақ бұл шектеулерді кез келген уақытта алып тастауға болады, ол үшін банктік қарыздарды алудан ерікті түрде бас тарту қызметін мерзімінен бұрын тоқтатуға өтінім беру қажет, - дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Бұл функция адамдардың қауіпсіздігі үшін қажет — қазақстандықтар кредитті заңсыз ресімдейтін алаяқтардан қорғалады.

Осындай сервистің ақылы түрі бірінші кредит бюроcының сайтында да бар.

 

Новости партнеров