Допингпен ұсталған екі боксшыға қатысты бас бапкер пікір білдірді

11 июля 2023 г. 17:14 / Новости Казахстана

Бокстан ҚР ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов допинпен ұсталып, спорттан шеттетілген 2 шәкіртіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл өзі бұрын болған жағдай. Неге десеңіз, тыйым салынған препараттар адамның азғасында 3-4 ай, кейде бір жылға дейін болады. Қаңтар айында Ұлттық допингке қарсы орталық Саматәлі Төлтаев пен Абзал Серікті допингке тексергенде олар сынамадан өте алмаған, - деді бас жаттықтырушы sportpress.kz сайтына берген сұхбатында.

Мырзағали Айтжанов боксшылар ол құраманың бас жаттықтырушысы болып тағайындалғанға дейін допинг қолданғаны атады. Олар ереже сақтамай жүре берген көрінеді. Ал ішкен витамин адам ағзасынан жарты, тіпті бір жылдан кейін де шығып отыруы мүмкін.

Қазір бәрін өзгерттік. Боксшыларға тыйым салынған дәрі-дәрмектер, витаминдер ішпеңдер деп айтамыз, ескертеміз. Ең алдымен ескертеміз. Ұлттық құраманың дәрігері Ирек Сатов ескерту жасайды, ғылыми топтың басшысы Ғалия Билялова спортшылармен семинар өткізеді. Сосын боксшылар оқу-жаттығу жиындарында допингке тексеріледі. Оларға тағы да ескерту жасалады. Қазір боксшылар демалыста. Демалыста да оларға тыйым салынған заттарды ішпеңдер деп ескерту жасаймыз», - деді бас бапкер. 

Автор
Новости партнеров