"Доңыз дәрісі егілген": Түркістанда қойлардың жаппай қырылу себебі айтылды
Түркістан облысында ветеринарлық дәріхана сатушысының кеңесімен сатып алынған дәріден кейін қойлар жаппай қырылып қалды, деп хабарлайды Arbat.media.
Ветеринарлық дәріхана аталған оқиғаға қатысты түсініктеме бермеді. Ал қырылған мал иесі шығынды кімнен сұрарын білмей дал болуда.
Фармацевт ұнтақтың арзанға түсетінін, дәрілік препаратты 10 литр суға ерітіп, 5-10 грамнан беру керектігін айтты. Мен бәрін сол айтқандай істедім. Бәрі жақсы болады деп ойладым. Бірақ кешкі оннан кейін сұмдық болды, 320 бас қой қырылып қалды, - деді Самат Қадыров.
Шаруа оқиғадан кейін полицияға да, мал дәрігерлеріне де хабарласқан.
Барлығы бұл шошқа мен тауыққа арналған дәрі дейді, қойлар екі еселенген дозадан қырылған. Өлекселер сараптамаға алынатынын айтты. Бірақ, бізде әлі күнге дейін жануарлардың дәл осы препараттан қырылғаны туралы ешқандай дәлел мен сараптама жоқ,-дейді шаруа.
Зертхана мамандары алдымен жануарларды ветеринарға көрсетіп, содан кейін ғана маман нұсқауымен дәрі-дәрмек сатып алынуы керектігін атады.
Мал иесі бұл дәрі-дәрмекті өз қаражаты есебінен тәуелсіз зертхана зерттеуіне жібере алады. Біз өз тарапымыздан сараптамаға жібердік. Нәтиже 9 күннен кейін болады,- деді Түркістан облысы ветеринария қызметі басшысының орынбасары Әлмет Оразбеков.