Дональд Трамп өзіне тағылған айыптарды мойындамады

5 апреля 2023 г. 21:26 / Новости Казахстана

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп өзіне  қатысты тағылған қылмыстық айыптарды мойындамады, деп хабарлайды Arbat.media.

2016-2020 жылдары АҚШ-ты басқарған Дональд Трампқа сайлау алдында порножұлдызға 130 мың доллар пара берді деген айып тағылды. Алайда бұл айыптау  Трамптың 2024 жылы президент сайлауына қатысуына еш кесірін тигізе алмайды.  

2024 жылғы президенттік сайлауға бірден бір үміткер Дональд Трамп өзіне тағылған Манхэттендегі сот отырысына  тыңдау үшін барды. Соттан бұрынТрамптан күдікке ілінген тұлға ретінде саусақ таңбасын алған. Нью-Йорк штаты Жоғарғы Сотының судьясы Хуан Мерчан БАҚ-ның процесті түсіру туралы өтініштерін қабылдамағаны белгілі болды. Дегенмен фототілшілерге айыптау ісі басталар алдында Трампты суретке түсіруге рұқсат берді. Осы ретте сот залына бірнеше минутқа бес фотограф жіберілген.

Осы оқиғалар болып жатқан кезде сол маңға АҚШ-тың бұрынғы президентінің жақтастары «Трамп жеңеді, Американы сақтайық» деген ұрандар жазылған плакаттарды ұстап көшеге шыққаны айтылды. Бүгін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың Нью-Йоркте қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Айта кететін бір жайт, Трамп қылмыстық жауапкершілікке тартылған АҚШ тарихындағы алғашқы экс-президент болып отыр. 

Трампқа қатысты бұған дейін тағылған барлық 34 айып тағы толығымен қылмыстық санатқа ауыстырылған.    

 

Автор
Новости партнеров